• Басты бет
  • Қоғам
  • АҚШ елшілігінің өкілдері Инновациялық Еуразия университетіне келді

АҚШ елшілігінің өкілдері Инновациялық Еуразия университетіне келді

Инновациялық Еуразия университетіне көптеген жылдар бойы түрлі елдердің жетекші мамандары өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісіп келеді. Мұндағы халықаралық ынтымақтастық басым бағыттардың бірі. Бүгін ИнЕУ ректоры Анастасия Алиясова ЖОО қабырғасында АҚШ елшілігінің білім және мәдениет жөніндегі баспасөз  маманы Эмбер Аурамен кездесті. Бас қосуда ынтымақтастық мәселесі талқыланды. Нәтижесінде жақын арада оқытушылар құрамын Мэтью Линц толықтырады.

- Біз АҚШ елшілігімен өте берік, тұрақты қарым-қатынас орнаттық және бүгін баспасөз хатшысы бізге жаңа жобаны бастау үшін келді. Жобаның маңыздылығы өте жоғары. Бүгіннен бастап бізде американдық университеттің өкілі студенттерге ағылшын тілі мұғалімі ретінде жұмыс істейді, - деп атап өтті Инновациялық Еуразия университетінің ректоры Анастасия Алиясова.

Табысты студент үлгісі көптеген компоненттерден тұрады, деп атап өтті ИнЕУ ректоры. Олардың бірі - шет тілін білу. ЖОО-ның міндеті - тек Қазақстан нарығында ғана емес, шетелде де сұранысқа ие болатын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Инновациялық Еуразия университетінде АҚШ елшілігімен бірлесіп бірқатар жобалар жүзеге асырыла бастады. Олардың бірі Павлодар мектептерінің мұғалімдерін STEM-оқыту аяқталуда. Өңір әйелдеріне арналған жаңа-бизнес академиясы басталды. Онда нәзік жандылар  кәсіпкерлік дағдыларды игеріп, сонымен қатар өз бастамаларын қаржыландыруға қол жеткізе алады. Жоспарлар ауқымы  үлкен.