Ақша үнемдейміз деп алаяқтардың арбауына түсіп қалды

Назарбаев даңғылындағы мына кеңседен тек екі газоблок қалған. Қазір бұл жерде мүлдем басқа ұйым жұмысын жасап жатыр. Айлакерлердің құрығына Валентина Баринова да түскен. Ол төлемнің 30 пайызын, нақтырақ айтқанда 400 мың теңге берген. Ал тауарды тамызда жеткіземіз депті. Келісімшартын қолына алып, үйіне қайтқан тұрғын күні бұрын хабарласпақ болғанымен сатушы телефон тұтқасын көтермей қойған.

 

- Күн сайын хабарласатын болдық, жауап болмады. Ақыры кеңсеге келгенін білдік, байқауымызша техникаларымен заттарын алмақ болған. Үстінен түсіп ақшамызды қайтаруды талап еттік. Оны мен білмеймін, қаражатты басшы алған деп жылап қоя берді. Ал оның ұялы байланысы өшірулі, - дейді Валентина Баринова. 

 

 

Ал Нина Хлебкова 125 мың теңге беріпті. Айтуынша менеджер төлем қабылдағанда өз-өзін бір түрлі ұстаған.  Барлық жәбірленушілер тамыз айында полицияға арыз жазады. Бір айға жуық уақыт өткенімен оларға ешкім хабарласыпты.

 

- Полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Бүгінгі таңда полицияға 5 жәбірленуші жүгінді, келтірілген шығын сомасы 800 мың теңгеден асады, - деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Жанна Белялова.

 

Полиция алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс ашылғанын нақтылады. Сондай-ақ, жәбірленушілер көп екенін жоққа шығармауда, олардан ресми түрде өтініш беруді сұрайды. Баптың санкциясы залал сомасына байланысты болады. Ал газоблокты 850 теңгеден алған жандар не ақшаның қайтарылғанын, болмаса алаяқтың заңды түрде жауапқа тартылатындығын күтуде.

 

Авторы: Бекбол Мырзахан