Ақсу электр станциясында жаңа кеме сатып алынды

«ЕЭК» АҚ 1600-45 жобасы Ц480Д дизелді жаңа балшық сорғыш кемесін  «Цимлян» кемежасау зауытынан 5 жылға лизингіге алған. Айтуларынша үлкен көлемді техниканы алғаш рет 1976 жылы пайдалана бастады. Аталмыш кеме станцияның энергоблоктарының конденсаторларындағы суды суытатын №1, №2 жетелегіш арнасындағы жұмыстарды арттырмақ.

 

- Балшық сорғыш кемені суға жіберу электрстанциясын сумен қамтудың барлық қауіптерін жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Еуразиялық топ құрамындағы кәсіпорындарды электр энергиясымен үздіксіз қамтуға жағдай жасайды, - дейді «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясының бас инженері Вадим Верещака.

 

Айта кететіні, балшық соратын кеме станцияның игілігіне ғана емес, сонымен қатар Ертіс өзені арнасындағы тұнба мен лайды тазалай отырып экологияға да оң әсерін тигізеді. Бұдан бөлек Ақсу кентін таза ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді. «ЕЭК» АҚ мамандарының айтуынша мұндай шара жыл сайын жүргізіледі. Алайда жұмыстар ескі балшық сорғыш кеменің көмегімен жүзеге асырылатын.

 

- Тазалау жыл сайын жаз мезгілінде атқарылады. Жұмыстар  маусымның 20-нан қазанның соңына дейін жүреді. Қазір бізде ескі үлгідегі балшық сорғыш кемесі бар. Ол Ертіс өзенінде тазалау жұмыстарымен айналысуда, - деді «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясы гидротехникалық құрылыс цехының аға шебері Павел Слободян. 

 

Айта кететіні ескі балшық сорғыш кемесінің арнаның бергі жақ тұсын ғана тазалау мүмкіндігі бар. Ал бұл жаңа техника жұмыстарды толығымен жүргізе алады.