• Басты бет
  • Қоғам
  • Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлері Екібастұздағы жылу мәселесін шешуге көмектесті

Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлері Екібастұздағы жылу мәселесін шешуге көмектесті

 

 

Кәсіпорын мамандары 4 тәулік бойы ең мәселелі үй тұрғындарына көмек көрсетуде. Сыртқы жылу желілері және жертөлені жылытып, сондай-ақ, пәтерлердегі батареяларды тегін ауыстыруда.

Алдияр Серікбаев – пісіруші. Бүгін оған және оның әріптестеріне басқа да мамандық түрлерін игеруге тура келді. Апат салдарын жоюға «Ақсу ферроқорытпа зауытынан» 45 адам келген. Барлығы жөндеу цехтерінің жоғары білікті мамандары. Басты міндет – екібастұздықтардың пәтерлеріндегі істен шыққан коммуникацияларды ретке келтіру. Аязға қарамастан, олар тәулік бойы Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі №52/6-үйдің желілерін жөндеуде.

 

-Пәтер ішінде қатып қалған батареяларды біз ауыстырдық. Тұрғындардан өтініш түсіп, біз оларды қарап, тексеріп, қажет болған жағдайда ауыстырамыз. Сырттағы жылу желілерінің барлығын қыздырдық. Сондай-ақ, жертөле мен үшінші кіреберіске жылу берілді. Қазір жертөле ішіндегі жұмыстармен айналысудамыз,-деді Ақсу ферроқорытпа зауытының МҚЖЦ механикалық бөлімінің маманы Қуаныш Сапарғалиев.

 

-Мына батареяларды қазір мына далада мына Ферросплавныйдың жігіттері Ақсудың жігіттері келіп, жұмыскерлері жүр. Сол түстен кейін қазір келіп ауыстырамыз деді. Соларды күтіп отырмын. Подвалды осы бірнеше күн болды істеп жатыр. Бүгін енді ыстық су жібереміз деп көреміз деп жатыр. Сол мынаның барлығын жалғап, стоякты жалғап, жібереміз дейді енді,-деп жеткізді Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі №52/6-үйдің тұрғыны Төлеген Мадиев.

 

«Ақсу ферроқорытпа зауыты» қызметкерлерінің еңбегі арқасында аталмыш үйдің үшінші кіреберісі толықтай жылытылды. Зауыттықтар мұнымен жұмысын тоқтатпайды. Барлық пәтерлерге жылу бірілгенше дейін көмектесетін болады.