• Басты бет
  • Қоғам
  • Ақсу қаласы жанында орналасқан «КронАгро» шаруа қожалығында ауаны тазартудың бірегей жүйесін енгізді

Ақсу қаласы жанында орналасқан «КронАгро» шаруа қожалығында ауаны тазартудың бірегей жүйесін енгізді

 Алайда фермада газоанализатор орнатқаннан кейін атмосфердағы зиянды заттардың шектен шығуы тіркелмеген. Ал жаңа жабдықты орнатқан соң ауа тазарды.
Бұл - «КронАгро» шаруа қожалығындағы ең үлкен сиыр сарайы. Мұнда қазір шөптің жұпарынан өзге ауадан басқа иіс табу мүмкін емес. Арнайы жүйені орнатқанға дейін мұнда мал тұратын орындарды тазалығына ерекше мән берген. Ал жаңа жабдықты орнатқан соң ферма тіпті экологиялық таза болмақ.
- Ауа озондау жүйесін салып жатырмыз. Аммиак ағыны озон қондырғылары арқылы өңделеді. Тазарып оттегімен толып, сасық иіс жойылады, - дейді «КронАгро» шаруа қожалығы» ЖШС өндіріс бойынша директордың орынбасары Болат Сүлейменов.
Шаруа қожалығында аграрлық секторда озондау жүйесін орнату бойынша тәжірибесі бар мамандар жұмыс істейді. Жабдықты толық ыске қосқан соң иіс тіпті қорадан бір метр қашықтықта болмайды деп отыр.  
- Орнату сәтті жүзеге асырылды. Үш күнде емес екі күнде аяқтадық. Қазір алғашқы сынақтан өткіздік. Бірінші шығыста алу керек көрсеткіштерді күтіп отырмыз. Сиыр қорадағы иісті жою секілді негізгі режимдерді үйреніп аламыз. Сиырлардың да жағдайы жақсы болуын ескеру керек. Амииактан тазарту, ауаны қауіпті аурулардан тазарту және қолаңса иісті кетіру басты мақсат, - деді компаниясының техникалық директоры (Нұр-Сұлтан) Юрий Зеленский.   
Жүйде барлығы 12 озонатор бар. Олар сиыр қорадағы ауа алмасуды реттейтін қуатты желдеткшітермен жабдықталған. Барлығы рұқсат етілген шекті деңгейде. Атмосферадағы заттар концентрациясын арнайы орнатылған газоанализатор қадағалайды.
- Аталмыш газоанализатор ауаны бақылау жүйесі атфмосфера ауасын үздіксіз өлшеуге арналған. Яғни ауаны ластайтын заттардың бар жоғын тексереді. Қазір ол аммиак пен күкірт сутекті өлшеуде. Барлық көрсеткіштер шынайы уақытта  ғимарат қасбетінде тұрған LED панельде көрсетіледі, - дейді «Правиком» ЖШС директоры (Ақсу) Владимир Геливеря.
Газоанализатор орнатылғалы ауадағы затардың өсу деңгейі бір де бір рет тіркелмеген. Мәліметтер мұрағатта бір жылға дейін сақталады. Оларды салыстыру үшін экологтерге көрсетуге дайын.

Автор: Азамат Айтхалин