• Басты бет
  • Қоғам
  • Ақсу қаласына арнайы солтүстік өңірге жерсінген 3000 түп ағаш отырғызылды

Ақсу қаласына арнайы солтүстік өңірге жерсінген 3000 түп ағаш отырғызылды

Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясының арқасында Ақсу қаласын көгалдандыру әрқашан басты назарда. Көшеттер «Ландшафт Дизайн Павлодар» ЖШС тәлімбағында өсірілген. Мұнда ағаштың 15 түрі бар. "ЕЭК" АҚ тапсырысы бойынша станция маңына жиде, терек пен қарағай егілді.

- Мұнда 1000  жиде, 1000 терек және 1000 қарағай көшеттері отырғызылды. Жалпы саны - 3000 түп. Суару жүргізілді, одан әрі суару Ақсу қаласының ТҮКШ күшімен іске асырылатын болады. Бұл олардың тіршілік ету ортасы, Солтүстік өңірдің климатына бейімделген, - дейді «Ландшафт Дизайн Павлодар» ЖШС директоры Антон Чашин.

"ЕЭК" АҚ қоршаған ортаны қорғау қамында тиісті барлық шараларды тегіс қабылдап қана қоймай, оны жақсартуға  үлес қосуға тырысады. Оның бір жолы — жасыл желек санын арттыру. Себебі бұл Жер ананың өкпесі. 

- Бұл - Республикалық акция. Көгалдандыру елдегі қалалар мен облыстардың жасыл белдеуін құру мақсатында жасалып отыр. Біз бұл акцияларды бірінші жыл өткізіп отырған жоқпыз. Алдағы уақытта ағаш-көшеттер санын ұлғайту жоспарымыз бар. Аталған іс-шараға 15 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды, - дейді «ЕЭК» АҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері  Юлия Обухова.        

Акция әлі де жалғаспақ. Басты мақсат - жасыл желектер санын көбейту.