• Басты бет
  • Қоғам
  • Ақсу қаласындағы қара металлургия колледжінде ERG күні өтті

Ақсу қаласындағы қара металлургия колледжінде ERG күні өтті

 

 

ERG құрамына кіретін кәсіпорын қызметкерлерімен оқу орнының 200-ге жуық студенті кездесті дейді irbistv.kz тілшісі.

 

«Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты мен Ақсу қара металлургия колледжі көп жыл бойы тығыз ынтымақтастықта. Мұндағы студенттерге бірінші курстан бастап зауыттықтар қатарына қосылуға жағдай жасалады. Бүгін де оларға ERG кәсіпорындары туралы айтып, мұнда мансап жолында көтерілу үшін қандай мүмкіндіктерін барымен таныстырды. Олар өз кезегінде қызықтырған сұрақтарын қойды.

 

- Мен ERG компаниясы туралы білдім. Мұнда көптеген жетістіктерге жетуге болады. Мақсат қойып, соған ұмтылу керек. Мен болашақта ERG өндірісінде жұмыс істегім келеді. Колледжді аяқтаған соң, жоғары оқу орнын бітіріп, болашағымды ERG-мен байланыстырғым келеді,-деді Ақсу қара металлургия колледжінің студенті Ізбасар Қомар.

 

Студенттер сұранысқа ие мамандықтар, жұмыс орнын таңдау кезінде үлкен басымдылық болып табылатын қызметкерлерге арналған әлеуметтік пакет, тұрғын үй бағдарламасы, медициналық қамсыздандыру бойынша ақпарат алды. Айта кету керек, қазіргі таңда ERG-де әсіресе жастарға баса назар аударады. Кадр тапшылығын болдырмас үшін өз жас мамандарын дайындауға көп күш жұмсайды.

 

- Студенттер зауыт кәсіпорындарында практикадан өтеді. Сол кезде олар осы мансап орталығынан кеңес ала алады. Бұл мансап орталығын біз ферроқорытпа зауытымен бірге аштық. Мұнда балалар жұмысқа орналасу туралы біліп, өзінің түйіндемесін қалдырып, кейін әңгімелесуден өтіп, Ақсу ферроқорытпа зауытына жүгіне алады,-деді Ақсу қара металлургия колледжі басшысының орынбасары Ольга Поддубная.

 

- АФЗ студенттерді жұмысқа тарту үшін жыл сайын осындай кездесулер өткізеді. Біз бүгін оларға біздің кәсіпорынның жұмысы туралы айттық. Мұнда оқитың студенттердің барлығы мамандығы бойынша біздің кәсіпорында үлкен сұранысқа ие,-деді Ақсу ферроқорытпа зауытында таланттарды дамыту бойынша сарапшы Радмила Павлова.

 

Айта кету керек, Ақсу қаласындағы қара металлургия колледжінде дәнекерлеуші, электромонтаж, теміржол, токарь ісі секілді 12 техникалық мамандық бойынша барлығы 570 бала білім алуда. Олардың 90 пайызы оқу бітірген соң АФЗ жұмысқа орналасады.