Ақсу қаласының спорттық әлеуеті ілгері қадам басуда

Спорттық алаң кәсіпорын қаражатына салынған. Студенттер спорттың бірнеше түрімен шұғылдана алады. Аяқдопшылар шағын футбол алаңында теңбіл допты торға тоғытса, қос функцияналды нысанда баскетболмен волейбол ойыншылары шеберліктерін шыңдайды.

-Бұл колледждің спорттық әлеуетін айтарлықтай дәрежеге көтереді деп сенемін. Студенттеріміз де үлкен құлшыныспен жаттығатын болады. Әсіресе, стирт-воркаутты ерекше атап өткім келеді. Бұл жастарға серпіліс беретіні анық, - дейді Ақсу қара металлургия колледжінің студенті Диана Егорова.

Жаңа алаң алғашқы доданы қабылдады. Колледждер арасында шағын футболдан жарыс өтті. Оқу орынында енді осындай додалар жиі ұйымдастырылмақ.

2020 жылы кәсіпорынмен біздің колледж арасында мемрандумға қол қойылған. Мемарандум аясында зауыт әлеуметтік көмек жасады. Бұл колледжде бұрын соңды осындай алаң болмаған. Балалардың қуанышында шек жоқ. Алдағы уақытта алаңда әртүрлі жарыстарды өткізуге дайынбыз, - дейді Ақсу қара металлургия колледжінің директоры Қайыржан Кәрімов.

Спорттық нысандардың бой көтеруіне 30 миллион теңге жұмсалған. Сонымен қатар, жүгіру алаңын салу көзделіп отыр.