Ақсуда үлкен спорт нысаны салынады
Жергілікті тұрғындар үшін маңызды спорт кешені алдағы жылдың сәуір айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Бүгін спорт ардагерлері құрылыстың бірінші қазығын қақты.
- Мұнда біздің балаларымыз жаттығатын болады. Себебі бізде қысқы уақытта хоккеймен айналысуға арналған нысан жоқ. Енді жыл бойы дайындалады. Жеңімпаздарымыз да көп болады деген ойдамын. Бізде лайықты хоккейшілер өте көп. Ардагер спортшылар үшін бұл үлкен мәртебе, - деді Ақсу қаласының спорт ардагері Сергей Умперев.
Сондай-ақ әлеуметтік осал топ санаты бойынша кезекте тұрғандарға арнайы жалдық үй салынып жатыр. Жоба құны - 800 миллион теңге шамасында. Сонымен қатар инфрақұрылым тарту және абаттандыру жұмыстарына 200 миллион теңгедей қаражат бөлінген.
- Тоғыз қабатты үйдің құрылысын бастап жатырмыз. Ол негізі жоба бойынша 9 айға созылатын нысан. Бірақ мердігерлер жеті айдың ішінде бітіреміз деп отыр. Ол өте дұрыс неге десеңіз ол өте суық кезде салынған кезде объектілердің сапасы нашар болып жатады, - деді Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов.
9 қабаттты үйдің құрылысын қараша айында аяқтап қолданысқа беруді жоспарлауда. Жалпы Ақсу қаласы бойынша 4 мыңға жуық адам әлеуметтік осал топ категориясы баспана кезегінде тұр. Айта кету керек, жұмыспен қамту орталығы арқылы мұнда негізінен жергілікті тұрғындар еңбекпен қамтылған.

