Ақсуда өрт сөндіру барысында 23 жасар құтқарушы мерт болды
Облыстық ТЖД өрт сөндірушінің қаза болуына байланысты тергеу амалдары жүргізілетіндігін айтты. Қазір оқиғаның нақты себебі белгісіз. Оттегі баллоны жарамды болған деп сендіруде. Ал өртке оранған үйде қою түтін қалың болғандығын жасырмайды.
- Дәл қазір тыныс алу аппаратының зақымдалуын байқамадық. Мүмкін олар есіктен шыға алмау салдарынан тұншығып қалуы мүмкін. Себебі екінші звено есік арқылы кіре алмады. Құрылым қирап, кіре беріс есікті басып қалуы мүмкін. Оларға терезені сындырып, үйдің сыртында болған торды бұзып кірген, - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД бастығы Ернұр Өтегенов.
Әйелі, қарындасы ата-анасымен бірге Ақсуда тұрған. 2018 жылы қарапайым өрт сөндіруші болып келген. Бір жылдан кейін бөлім командирі дәрежесіне дейін көтеріледі. Яғни өрт болғанда ең алдымен солар бірден аттанады екен.
Сондай-ақ оқиға орнынан тағы да бір құтқарушы, 25 жасар Ермек Тұрлыбеков алдымен Ақсу ауруханасына, кейін Павлодарға жеткізілді. Оған өртте жанған заттармен улану диагнозы қойылды.

