Ақсулық кәсіпорын ауыл тұрғынына үй сыйлады

Ерлі-зайыпты Мақсат пен Амангүлдің қамқорлығында 3 және 13 жасар балалары және Аманжол есімді мүгедек апалары бар. Осы уақытқа дейін баспанасы болмаған жанұя пәтер жалдап жүрген. Қиындықтарға мойымай, отағасы Қарасор көлінде микросфера жинап, адал еңбек етеді. Қарапайым ауыл жұмыскері мен отбасысы жайлы естіген «Металлогамма» ЖШС оларға тосын сый жасайды.

 

- Мақсат бауырымыздың үйі жоқ екенін естідік, үй алып бердік. Мақсат аға мүгедек анасын, әйелі мен екі баласы бар тұрғын. 3 жылдан бері үй ала алмай, тырысып, еңбек етіп жатқанын көрдік. Биыл құрбан айт, мұсылмандардың ерекше мерекесіне орай, үйді сыйлап жатырмыз, - дейді «Металлогамма» ЖШС бригадир қызметкері Жансері Съезбек.

 

 

Қуанышты отбасы «Металлогамма» ұйымының арқасында енді ресми үй қожайындары атанды. Тіпті өз моншасы, жазғы ас бөлмесі мен бақшасы да бар.

 

- Басында естігенде, ойнап айтып отыр ма деп. Одан кейін келіп, сенген кезде, қобалжып, жылағың келіп, қуаныштан не істейтініңді білмейсің. Екі баламмен, қолымда мына апайым бар. Бала кезінен мүгедек, бір көзі көрмейді. Кішкентай кезінен жетім қалған. Жағдайы төмен отбасыларың біріміз. Пәтерден пәтер жалдап, бүгін қуанышымды жеткізе алмай отырмын. Бірінші Аллаһқа, екіншіден Аллаһпен ортасында жалғайтын азаматтарға, мың алғысымды айтамын, - деді Алмагүл. 

 

 

«Металлогамма» ЖШС-і көмір жағу кезінде пайда болатын күл қалдықтарынан, бірегей микросфера өнімін алумен айналысады. Бұл ретте, Қарасор көлі маңындағы ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуге  әрқашан да ат салысады. Қалқаман ауылдық округі мен Солнечный ауыл әкімдігі ұсынған тізім бойынша мұқтаж жандарға жүйелі түрде азық-түлік себеттері беріліп, өткен жылы Ақжол және Береке ауылдарында балалар алаңқайларын тұрғызған. Қайырымдылық істері міндетті түрде жалғасын табады деп сендірді ұйым қызметкерлері.

 

Авторы: Дархан Бекишев