• Басты бет
  • Қоғам
  • Ақсулықтар қаланы көркейту жұмыстарына өз үлесін қоса алады

Ақсулықтар қаланы көркейту жұмыстарына өз үлесін қоса алады

Жаңа балалар ойын алаңдары, учаскілерді асфальттау,  воркаут алаңдары – мұның бәрі ақсулықтардың өз қолында. ERG қаржыландыратын «Берекелі бастама – Городская инициатива» жобасына кез-келген кәмелетке толған Ақсу қаласының тұрғыны қатыса алады.

 

- Бұл бастамаға осы жылға 80 миллион теңге бөлінді. Бір жобаның құны 6 миллион теңгеден аспауы керек. Өтінімдер қабылданған соң біз жоба орталығы ретінде өтінім берушілерге әрі қарай жобаларын толықтыруға көмектесеміз. Өтінімдер толық дайын болған соң дауыс беруге жолдама алады, - деді жоба орталығының директоры Сергей Гуляев.

 

Айта кететіні, үздік жобаларды Ақсу қаласының тұрғындары дауыс беру арқылы өздері таңдайды. Өтінімдер 6 мамырға дейін қабылданады. Қазіргі таңда 18 адам қатысуға ниет білдірген.

 

- Жобалардың бәрі әртүрлі. Барлығы бірдей абаттандыруға қатысты емес, олар қалалық және қоғамдық орындарды жақсартуға бағытталған.  Көбіне аулаларды. Зауытқа дейін велосипед жолын салу жобасы да бар. Түрлі жастағыларға арналған инклюзивті жобалар бары да қуантады, - деп атап өтті жоба орталығының директоры.

 

Жоба ұйымдастырушылары ақсулықтарды мүмкіндікті мүлт жіберіп алмауға шақырады. Толық ақпарат /budget-uchastiya.kz порталында.  Ал жеңімпаз жобалар 2022 жылы қаржыландырылып, жүзеге асырылады.