Ақтоғай ауданы Әуелбек ауылындағы мектептің көмірі неге таусылып қалған?
Ал бүгін аймақ басшысы Әуелбек аулына өзі барып қайтты. Әбілқайыр Сқақов жауаптылардан катты отынға бай облыс бола тұра не себепті мұндай жағдайдын орын алғаны жайлы сұрады.
Аймақ басшысы мектепке келген кезде ғимараттың ішіндегі температура қажетті деңгейге жетпеген. Терезелерді қырау басқан. Мектеп директоры жылыту үшін бірнеше сағат қажет екенін айтты. Бар мәселе алақол жеткізушіде болған екен. Жергілікті әкімдік кәсіпкермен бір айдан бері соттасып келеді. Бірақ, бұл жағдай туралы білім беру басқармасы мен облыстық әкімдікке ешкім мәлімдемеген.
- Апта сайынғы жиналыста Қала мен аудан әкімдерінен «Мәселе бар ма?», «Қандай қиындықтар бар?» деп сұраймын ғой, бәрі үндемейді. Осы үнсіздіктің артында жылуы жоқ мектептер мен тоңып отқан балалар тұр. Неге үндемедіңдер? Бұл сұрақты шешуші едік,- деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.
Облыс әкімі мектепте орын алған жағдай шенеуніктік бюрократия мен жауапсыздық деп мәлімдеді. Осы ретте, Әбілқайыр Сқақов Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов пен облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлына қатаң сөгіс жариялады.
Авторы: Аида Адрахова