• Басты бет
  • Қоғам
  • Ақтоғай ауданының әкімдігі сот арқылы мердігерге шіркейді улағаны үшін ақша төлеуден бас тартты

Ақтоғай ауданының әкімдігі сот арқылы мердігерге шіркейді улағаны үшін ақша төлеуден бас тартты

 

 

Жаздың басында Ақтоғай ауданында жергілікті тұрғындар маса мен шіркей не адамға, не төртаяқтыға күн көрсетпей жатқаны туралы жаппай шағымданған еді. Тіпті күндіз де қансорғыштар азаймаған. Сол кезде жер қойнауын пайдалану басқармасы ауыл төменде орналасқандықтан, жайылма алаңы тым көп болғандықтан осындай мәселе туындады деп ақталды. Сот шешімінде көрсетілгендей мердігер мыңнан астам гектарды өңдеп, 80 пайыз тиімділік байқалуы тиіс еді. Нәтиже болмағандықтан шенеуніктер сотқа жүгінген.

 

-Бірінші инстанция соты шешімімен қуыным толық қанағаттандырылды. Аталмыш жағдайда тараптардың келісімімен қарастырылған қызмет көрсету тиімділігіне қол жеткізілмегендіктен жауапкерді мемлекеттік сатып алудың алақол қатысушы деп танып, қуыным беруші жүргізген жартылай төлемді өндіріп алуға негіз болды. Алқа қаулысымен бірінші сот инстанциясының шешімі өзгеріссіз қалдырылды,-деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

 

Келісім сомасы жеті жарым миллион теңгені құраған. Шенеуніктер үш жарым миллион теңге алдын ала төлем жасаған. Сот шешімімен мердігерді осы ақшаны қайтаруға міндеттеді. Айта кету керек, осы фирма Тереңкөл ауылында маса мен шіркейді улаумен айналысқан еді. Сот екі жағдайда мердігердің келісімшартта көрсетілген аумақтан да көп гектарды өңдеу қажеттігін білсе де, тақілеттес келісімге келгенін анықтаған.

 

Бибінұр Хамитқызы