• Басты бет
  • Қоғам
  • Ақыл есі кем ер адам машинаны ұрлап кетіп, екі рет аударылған

Ақыл есі кем ер адам машинаны ұрлап кетіп, екі рет аударылған

-Бауырым дүкенге кіріп кеткен. Сол кезде дүкен иесі оған сенің көлігіңді біреу мініп кетті деп айтқан. Далаға шыққанда бір ер адамның көлігін жүргізіп кетіп бара жатқанын көрген. Бауырымның досы басқа машинамен оның артынан қуған. Тоқта деп айғайлаған,- дейді көліктің иесі Рината Валиахметова.

 

Нәтижесінде көлікті айдап кетуші өздігінен тоқтай алмай Ленин кентіндегі әлдекімнің бақшасына кіріп кеткен. Көліктің қазіргі жағдайы осындай. Жөндеуге келмейді. Шығын 3 млн теңгеге жуық. Енді қазір Рината бүлінген көлік үшін шығынды кімнен талап ететінін білмейді. Себебі машинасын айдап кеткен ер адам жақында психоневрологиялық диспансерде емделіп шығыпты.  

 

-Күдікті анықталды. Ол жол көлік апаты кезінде алған жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Оның ақыл есі кем бе, жоқ па ол жағы сот сараптамасы нәтижелері бойынша анықталады. Жапа шегуші қылмыстық істі тергеу аясында материалдық шығынға қуыным бере алады. Сотқа да жүгіне алады, - деп хабарлады Павлодар қаласы ПБ солтүстік полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің басшысы  Данияр Халемов.

 

Полицияда хабарлағандай қазіргі таңда «Көлікті заңсыз иелену» деген бап бойынша қылмыстық іс ашылғанын хабарлады. Ер адамға 5 жылға дейін қамалу қаупі төніп тұр. Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша қазір ол нейрохирургия бөлімшесінде ем алуда. Жағдайы тұрақты.