• Басты бет
  • Қоғам
  • Бірге тұратын әйелді бауыздап тастаған екібастұздықты 8 жылға абақтыға қамауды сұрады

Бірге тұратын әйелді бауыздап тастаған екібастұздықты 8 жылға абақтыға қамауды сұрады

 

2024 жылдың желтоқсанында Магзар Қапбасов әйелге пышақ сілтеген. Ол алған жарақаттан сол жерде көз жұмған. Ал сотталушының қызы болса прокурорларда айғақ жоқ екендігін алға тартты деп жеткізді irbistv.kz тілшісі.

 

Қылмыстық істі сотта «Денсаулыққа қасақана зиян келтіре отыры, абайсызда адам өліміне әкелу» деген бап бойынша қарауда. Тәуелсіздік күні Екібастұздағы Әуезов көшесіндегі пәтерде Магзар Қапбасов, оның сүйіктісі және әпкесі болған. Ер адам қысым көтерілген соң сәлден кейін ұйықтауға кеткен. Ал оны полицейлер оятыпты. Анықталғандай сүйіктісі көз жұмыпты, ал оның туысқаны куәгер болыпты. Ол өз жауабында Магзардың пышақпен тап бергенін айтқан.

 

- Залға барып, Қапбасовты көргенде оның қолында екі пышақ болған, Шынар бір қолымен Қапбасовты тоқтатпақ болды,-деп жеткізді мемлекеттік айыптаушы.

 

Прокурор бүгін айыпталушыға 8 жыл сұрады. Кінәсі дәлелденді деді. Ер адамның қорғаушысы өз кезегінде көп нәрсені ескермегенін айтты. Қосымша сараптама жасауға мүмкіндік бермеген. Марқұмның әпкесінің қызынан жауап алмаған. Сол күні ол да пәтерде болмаған.

 

- Айыптау тарапы менің қорғаушымның кінәсін дәлелдейтін тікелей айғақ ұсынбады, қылмыстық істі жасау құралы анықталмады. Қылмыс құралы болып табылатын пышақта Қапбасовтың саусақ іздері жоқ. Қылмыс жасауға не түрткі болғаны белгісіз,-деп жеткізді адвокат.

 

Қорғаушылардың айтуынша айып тек марқұмның әпкесінің сөзінен құралған. Пәтерде сол күні тағы басқа біреудің болуы мүмкін. Алайда тергеу кезінде мұны тексермепті. Магзар Қапбасовтың өзі өз кінәсін толық мойындамады. Ол әйелдің көз жұмғанын тек оянғанда білгенін айтады.