Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Бүгінгі кейіпкер өмірінің 40 жылын ұстаздыққа арнаған

Қоғам

123
Ирбис телекомпаниясы жеңіс күні қарсаңында арнайы айдар ұсынады. Бүгінгі кейіпкеріміз 85 жастағы Зоя Кудрявцева балалық шағын майданда өткізген. Өмірінің 40 жылын ұстаздыққа арнап, түрлі кәсіптегі мамандарды оқытқан. Қазіргі таңда зейнеттегі апа бала-шағасының қызығын көруде.

Зоя Михайловна 1941 жылы соғыс басталған жылдары бар-жоғы 6 жаста болған. Балалық шағы майданда өтті. Отбасымен Чита қаласында тұрып,  жауынгерлерге көмектескен.

 

- Балаларды мұғалімдер жинап алып, орманға Тайгаға баратынбыз. Онда біз жаңғақтар, бүршіктерді жинайтынбыз. Мұғаліміміз үнемі бұл әскерилерге дейтін. Біз бала болғандықтан нақты не үшін екенін түсінбедік, - деді тыл еңбеккері Зоя Кудрявцева.

 

Соғыстан ата-анасы, 3 туғаны аман-есен шыққан. Алайда уақыт өткен соң олардан айырылып қалды. Тұрмысқа шыққан соң, осы жаққа қоныс аударған. Зоя апа 40 жылдық тәжірибесі бар педагог. Тынбай еңбек еткені үшін түрлі марапаттар алған.

 

- Барлық берілген сағаттарда сабақ өткізетінмін. Қиын деп ешқашан бас тартпайтынмын. Тіпті сахнада өнер көрсету қажет болса қуана шығатынмын. Барлығына белсенділікпен қатыстым, - дедіЗоя Кудрявцева.

 

Зоя Михайловна жолдасымен 57 жыл бақытты өмір сүріп, алтын тойларын да атап өткен. Алайда 12 жыл бұрын ол қайтыс болған. Қазір 4 баласы, 6 немересі, 9 шөбересі бар бақытты ана. Зейнетте бос отырмай үй шаруашылығымен айналысып, жақындарын тәттілерімен қуантады.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()