Бакуда туған балаға Қазақстан азаматтығы берілді

Кристина Герасимова Қазақстан Республикасының азаматшасы. 5 жыл Әзірбайджан Республикасының Баку қаласында тұрмыста болған. Ал ақпан айында 3 баласымен Отанына қайтып келген. Мекемеге барар жері, басар тауы қалмағандықтан келіпті. Айтуынша өзі балалар үйінен шыққандықтан, 11 жыл басапанаға кезекте тұр. Ал мекемеде оған атаулы әлеуметтік көмек рәсімдеуге, тағы бір арманын орындауға көмектескен.

 

- Менің ұлым Бакуда туғандықтан, маған мұнда Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға көмектесті. Оның қазір паспорты, туу туралы куәлігі бар. Мен бұны қатты армандадым, өте қуаныштымын. Қазір үлкендерімді балабақшаға беруді жоспарлап отырмын. Әзірше гимнастикаға барады, - дейді Кристина Герасимова.

 

Мекемеде әйелдерге жан-жақты көмек беруге тырысады. Мұнда психологтен бастап заңгерлік кеңеске дейін қарастырылған. 2012 жылдан бастап қызмет етіп келе жатқан Күлайым Нұрғалиева келушілерге әлеуметтік мәселелер бойынша көмектеседі. Жұмысым қиын болғанымен, әрқайсысына қолұшы беруге тырысамыз дейді.

 

- Стандартқа сәйкес әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер, мұнда бірінші кезекте әкімшілік заңды бұзбау мақсатында тұрғылықты мекенжайы бойынша тірейміз. Статусын анықтаумен айналысамыз. Құқықтық мәселелер бойынша барлық өтініштерді жазуға, құжаттандыруға көмектесеміз, - деді Павлодар қаласы балалы әйелдерді бейімдеу орталығының әлеуметтік мәселелер бойынша маманы Күлайым Нұрғалиева.

 

Аталмыш орталықта 30 адамға дейін тұра алады. Ал қазіргі уақытта оны тағдырлары әр түрлі 11 әйел мен 14 бала мекен етуде. Орталық тұрмыста зорлық көрген әйелдерге 6 айға дейін, ал өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға 1 жылға дейін қамқор бола алады.