Балабақшаның бағасы өсті

Павлодарлықтар қаладағы мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтанудың қымбаттағанын сезінуде. Ол баланың жасы, азық түліктің калориясы мен тағам мөлшеріне байланысты екені белгілі.

 

- Жас бойынша белгілі бір ерекшеліктер бар. Шартты түрде үш жасқа дейінгі балаларда бір сома, үштен бес жасқа дейінгі балаларда басқа баға. Ал арнайы балабақшаларда белгіленген баға мүлдем басқа. Сонымен қатар бізде тегін балабақшалар да бар,- деп мәлімдеді Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина.

 

Бұл ретте баласы жоғары топтарға ауысқан ата-аналардың түбіртектерінде енді қымбаттау байқалмақ. Бүгінде Павлодардағы мектепке дейінгі ұйымдардың түбіртегіндегі баға 20 мың теңгеге жуық.

 

Альфия Омарова