Баланың саусағын сындырса да жазаланған жоқ

Айгүл Адришеваның айтуынша ұлы екінші жыл қатарынан Мичурин ауылы жанындағы алқапта үш төрт сағат жұмыс істеп ақша табады екен. Бригадир әйел адам әрі мұғалім болғандықтан алаңсыз жіберетінмін дейді.  Қыркүйектің төрті күні өз сыныптастырамен кеткен баласы ауруханадан бір-ақ шығыпты.

- Төрті күні поляда бір кісі мен менің ұлымның арасында сөзге келіспеушілік болған ғой. Оның арты дауға ұласқан. Сол жерде менің ұлымның қолынан кувалдамен ұрған ғой. Оның жасы 23-те екен. Отбасы бес баласы бар екен, - дейді жапа шегушінің анасы Айгүл Адришева.

Нәтижесінде Айгүлдің 14 жастағы ұлы 10 күн  ауруханада жатып шыққан. Одан соң бір жарым ай гипспен жүріпті. Айтуынша полицияға, прокуратураға шағымданған, ұлына қол жұмсаған ер адамға қатысты еш шара қолданбады дейді Айгүл. Полиция департаментінде баланын анасы сотқа жүгінуі керектігін айтты.

- 114-бапқа сәйкес бұл әрекет жеке айыптау ісі болып табылады. Соған байланысты ҚР ҚПК 408-бабына сәйкес ол тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін барлық ережелерді сақтай отырып сотқа шағым түсіре алады. Жасөспірімнің заңды өкіліне Павлодар ауданының полиция бөлімі бұл шешім туралы айтты, - дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Жанна Белялова.

Жапа шегуші тарап азаматтық тәртіпте сотқа жүгініп өздері айыптап отырған тұлғаға қатысты өтініш жазуы тиіс. ПД мәлімдегендей олар баланың анасы сотқа арызды дұрыс жазуы үшін тіпті тегін қорғаушы ұсыныпты.  Барлығы заң бойынша болуы тиіс дейді.

 Авторы: Бибінұр Хамитқызы.