Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Баласын алып кетіп қыдырып жүрген әке арнайы комиссия алдында жауап бермек

Қоғам

106
Мамырдың 3-і Павлодар тұрғыны алты жасар баласының жоғалғанын айтып полицияға жүгінген. Айтуынша кешке жақын ол күйеуімен көзге келіп қалады. Артынан ол баласын алып кетіп қалған, содан бері үйіне оралмапты.

- Бала мен оның әкесін іздеуге полиция департаментінің бүкіл құрамы жұмылдырылып, олардың белгілері барлық аумақтық бөлімшелерге, шекаралас аймақтарға жіберілді. Іздеу шараларына еріктілер мен жағдайға бей-жай қарамаған азаматтар қатысты, - деп атап өтті жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы Бибігүл Қамзина.


Іздеушілер бүкіл жерді қарап, аяғында досының үйінде мерекелетіп отырған ер адам мен баланы тапқан. Ол әйеліне ерегесіп істеген екен.


Ата-ананың ісін кәмелетке толмағандар мен олардың құқығын қорғайтын павлодарлық комиссия қарастырып, әрекеттеріне баға береді.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()