Баласына 3 миллион теңге қарыз болып қалған әкені ұстады

Аймақтың жеке сот орындаушылары әділет департаменті қызметкерлерімен бірге қасақана алимент төлемейтіндерді анықтау бойынша алдын-алу шараларын жүргізуде деп хабарлайды   irbistv.kz тілшісі жеке сот орындаушылары аймақтық палатасының баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

Сондай әкелердің бірі баласына 2017 жылдан бері үш миллион теңгеден астам алимент төлемеген. Жеке сот орындаушысының қарызды жабу туралы талабын ескермеген.

-       Борышкер жеке сот орындаушысынан бірнеше рет жасырынған. Прокурордың санкциясы бойынша оған іздеу жарияланды. Одан соң көші-қон қызметкерлері оны іздеп тауып, сот орындаушысына келуге міндеттеді. Павлодар облысының әділет департаменті борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыным енгізді, - деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметінде.

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен борышкер үш тәулікке қамауға алынды.

-Аймақтық палата борышкерлерді алиментті өндіріп алу туралы атқару құжаттарын орындаудан қашпай, сот актілерінің талаптарын орындауға шақырады, - деп жазылған жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасы баспасөз қызметінде.

Жыл басынан бері 45 алимент төлемеуші  әкімшілік жауапкершілікке тартылған.