• Басты бет
  • Қоғам
  • Балаңыздың қаржылай тұрғыдағы сауаттылығын арттырғыңыз келе ме?

Балаңыздың қаржылай тұрғыдағы сауаттылығын арттырғыңыз келе ме?

Қаржы орталығының тәрбиленушілері болашақта өз табысы мен шығынын басқара алу, ақшаны дұрыс жарату, үлестіре білу және оларды сауатты түрде инвестициялауды нақты біледі. Ол үшін біліктілігі жоғары ұстаздар арнайы даярланған заманауи бағдарлама мен осы басылымдарды қолданады. Бұл жас талапкердің еркін және бақытты болуына мүмкіндік береді дейді белді мамандар. Айта кетейін, бүгінде қабылдау үдерісі қарқынды түрде жүргізілуде.

- Павлодар облысында алғаш рет Павлодар қаласында балаларға арналған қаржы мектебінің және Екібастұз қаласындағы филиалының ашылуы өтті. Біздің миссиямыз балаларды қарапайым өмірде қаржылық сауаттылыққа үйрету және әлеуетін дамыту, сонымен қатар, қазіргі өмірде қаржылық тұрақтылықты құру, қаржылық еркіндікке қол жеткізу. Біздің бағдарлама бірінші-он бірінші сыныптарға есетелген, бірақ қазіргі уақытта біз бірінші-төртінші сынып оқушыларын қабылдаудамыз, - дейді Financial School Iglikov балаларға арналған қаржы мектебінің әкімшісі Гүлбану Абылгазинова.

Кейін ортаңғы және жоғарғы сынып оқушылары біліктілігін шыңдауға мүмкіндік алады. Кішкентай павлодарлықтардың қаржы әлеміне қадам басуына Талғат Игликовтің себепкер болғанын айта кеткен жөн. Кәсіпқой маман әрі бизнес-кітаптардың авторы бірегей әдістемелік бағдарламаны құрастырған. Ал Павлодар қаласындағы қаржы мектебі Мәшһүр Жүсіп көшесі,189, бизнес-орталық мекенжайында орналасқан.