Банк ВТБ бизнес өкілдеріне ерекше қолдау көрсетуде

Банктің активтері 2019 жылмен салыстырғанда 54%-ға 323 миллиард теңгеге дейін, таза пайда 11%-ға 5 миллиард теңгеге дейін өсті. ВТБ кредиттік қоржыны 33%-ға, ал депозиттік қоржыны 89%-ға ұлғайды. Бұған қазақстандық банктер арасындағы ең жоғары кредиттік рейтингтің бірі ықпал етті, бұл ұйым сенімділігінің жоғары деңгейін көрсетеді.

 

- 2020 жылы Covid-19 пандемиясының әсерінен Банк ВТБ (Қазақстан) ұжымы негізгі үш бағыт бойынша бизнесті трасформациялау жоспарын жедел тұжырымдап, іске асырды. Біріншісі – біз ішкі процестерді оңтайландырдық және шығындарды қысқарттық. Екіншісі – клиенттерге де, банкке де барынша тиімділік әкелетін қызметтерге назар аудардық. Үшіншісі – жаңа, мобильді және икемді сату моделіне көштік. Жылдың қаржылық қорытындысын шығара отырып, біз осы сыртқы сын-қатерді лайықты еңсердік деп нық сеніммен айтуға болады, - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) ЖШС орта бизнес директоры Данияр Қайырленов.

 

 

Өткен жылы банк карантин шараларын енгізуден зардап шеккен кәсіпкерлерге ерекше назар аударып, кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру туралы сұраныстардың 90%-ын қанағаттандырды. ВТБ бизнеске көмек көрсетуден басқа, ШОБ-ті мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген кредиттермен және банктің өз қаражатынан қаржыландырумен қолдайды.

 

- Жеке тәсілдің арқасында біз клиенттерімізге барлық өнімдеріміз бойынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеміз. Бүгінде заңды тұлғалар БЖК-2025 мемлекеттік бағдарламасы бойынша субсидиялаудан кейін ВТБ бизнесті дамытуға жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі бойынша 6,1%-дан бастап кредит ала алады. Сондай-ақ біз бизнеске арналған басқа да банктік қызметтердің барлық кешенін ұсынамыз: депозиттер, кепілдіктер, овердрафттар, есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, корпоративтік карталар және т.б. Сонымен қатар, клиент банк қызметтерінің санын неғұрлым көп пайдаланса, банк оған соғұрлым тиімді мөлшерлемелерді ұсынады, бұл ниеттестік бағдарламасында көзделген, - дейді Данияр Қайырленов.

 

 

Банктің көптеген қызметтерін бүгінде бөлімшелерге бармай-ақ қашықтықтан пайдалануға болады. Мамандандырылған мобильді банкинг тек жеке тұлғаларға ғана емес, заңды тұлғаларға да қолжетімді. Ал жақында кәсіпкерлер банк сайтында немесе электрондық үкімет порталында ВТБ-да шот аша алады, ол үшін қосымшаны жүктеудің қажеті жоқ. Банктің қызметтері мен өнімдерімен толығырақ  vtb-bank.kz сайытында немесе 5050 нөмірі бойынша таныса аласыз.