• Басты бет
  • Қоғам
  • Барлығын толықтай жаңарту қажет: павлодарлық көпқабаттының үйдің нашар күйде екенін айтты

Барлығын толықтай жаңарту қажет: павлодарлық көпқабаттының үйдің нашар күйде екенін айтты

Горький көшесіндегі №102/2 көпқабатты үйі 1970-ші жылдары қолданысқа берілді. Жуырда жергілікті тұрғындар олардан ПИК бас тартқандары туралы білген. Сол себепті Фарида Шарипова үйдің жағдайын ретке келтіре бастады. Қазір жертөледегі коммуникациялардың ескеруіне байланысты ішін су басқан.

 

  • Өз қаражатымызға жуырда кіреберіске есік және бейнекамера орнаттық. Жертөленің жартысында орналасқан құбырларды ретке келтірдік. Қазір бұдан еш пайда жоқ. Барлығын толықтай жаңарту қажет,- дейді Горький көшесіндегі №102/2-үйдің тұрғыны Фарида Шарипова.

 

Кіреберіс жағдайы да көңіл көншітпейді. Жуырда электр қалқанында қысқа тұйықталу орын алып, пәтер иелері жарықсыз қалды. Ал қоқысқа толы құбырды дәнекерлеу салдарынан, үйде тарақандар пайда болған. Тұрғын үй инспекциясында аталмыш мекенжайдан бөлімге шағым түспегені туралы мәлімдеді.

 

  • Тұрғындар «Нұрлы жер» бағдарламасына қатыса алады. Бірақ та бағдарламаның талаптары бар. Олар ең алдымен жиналыс ұйымдастырып, бір шешімге келу керек. Барлығы қолдаған жағдайда нақты қандай жұмыстарды жасау керек деген құжат дайындалады,- дейді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Бақытгүл Базылова.

 

Бағдарлама аясында үйдің сырт келбетін, шатырын, кіреберіс және жертөлені жөндеуге болады. Бүгінде «Нұрлы жер» бойынша Павлодарда 5 көпқабатты модернизациядан өтуде.

 

 

Авторы:Айтмұхамбет Айғожа