• Басты бет
  • Қоғам
  • Бас санитарлық дәрігер дүкендердегі азық түлікке жатпайтын тауарлардың демалыс күндері сатылуын қарастыратынын айтты

Бас санитарлық дәрігер дүкендердегі азық түлікке жатпайтын тауарлардың демалыс күндері сатылуын қарастыратынын айтты

-Шамамен елу шақты адам бойынша айырмашылық болды. Олардың барлығы қазір саналды. Қазір ол жөнге қойылды, күн сайын бақылау жүргізіп, зертханамен салыстырамыз. Олардың мәліметі бойынша теңестіреміз. Сондықтан жасыру деректері жоқ.  Ал қазан айында сандар сәйкес келмегені рас. Себебі санитарлық қызметтер мен зертхана мәліметтері екі түрлі болып жатты, - деп түсіндірді  Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері  Батырбек Әлиев.

 

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы президенттің емдеу мекемелеріндегі ереже бұзушылықтар туралы айтқан сөзін де ескергендерін айтты. Қазіргі таңда барлық келеңсіздіктер жойылған.

 

-Біз барлық емдеу мекемелері мен стационарларды қарадық. Олардың кейбірінде таза және лас аймақтардың дұрыс бөлінбегені анықталды. Кейбіреуінде кварцтау тәртібі тиісінше атқарылмаған. Сонымен бірге жеке қорғаныш киімін киюді қадағалап тұратын адамның болмағаны анықталды,- деп хабарлады  Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситказинов.

 

Ал Павлодар облысындағы бүгінгі эпидемиологиялық жағдайға келсек, кешегі тәулікте елу адамның індетті жұқтырғаны белгілі болса, соншама адам жазылып шыққан.