Баспана сертификаттары кімдерге беріледі?

Яғни «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» ипотекалық бағдалармаларына қатысушыларға бастапқы жарнаны төлеу үшін тұрғын үй сертификатына өтініш беруге болады.

 

- Әлеуметтік осал топқа жататын 3 категория, олар  Алтын және күміс алқамен марапатталған көп балалы аналар, «Батыр ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденінің бірінші және екінші деңгейімен марапатталғандар, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған және толық емес отбасылар. Сонымен қатар, сұранысқа ие білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету саласының мамандары, мемлекеттік  мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, - дейді Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Лариса Кузьменкова.

 

Аталған категорияларға әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз бастапқы жарнаның 100 пайызы, ал әлеуметтік қолдау несие түрінде 0,01 пайызбен 15 жылға 50 пайызы беріледі. Айта кететіні, екі жағдайда да сома 1,5 миллион теңгеден аспайды. Алайда соңғысы биыл төлем жүргізуде олқылықтарға байланысты тоқтатылған.

 

- Біз әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын бізге келген кезде табысы соңғы алты айда кірісі әрбір отбасы мүшесіне 3 күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтарға береміз. Зейнетақы төлемдері, кіріс салығы және міндетті төлемдері саналмайды. Яғни бұл 106366 теңге, - дедіЛариса Кузьменкова.

 

Жыл басынан тұрғын үй сертификаты 51 миллион теңгеге 50 отбасыға берілген. Биыл жалпы 240 адамға 225 миллион теңге бөлінген. Әлеуметтік қорғау бөлімі мамандарының айтуынша қаражат жеткілікті. Сондықтан толық ақпаратты Кривенко, 25 мекенжайы бойынша орналасқан «Open Pavlodar» кеңсесінің 4 үстелінде алуға болады.

 

Авторы: Арнагүл Исабекова