• Басты бет
  • Қоғам
  • Басқа отбасыда өскендері үшін 35 миллион теңге талап етуде

Басқа отбасыда өскендері үшін 35 миллион теңге талап етуде

Бұл оқиға туралы бақандай кино түсіруге болады. 35 жастағы екі ер адам осы жылдар бойы басқа отбасыда тәрбиеленген. Екеуі де 1985 жылы Железин аудандық ауруханасында бір күнде дүниеге келіпті.

 

- Железин ауданы орталық ауруханасының салғырт жұмысы себебінен олар ауысып кеткен. ДНК зерттеу нәтижесінде Қуанышев Анварбек Сапарұлы Хамитов Нариманның биологиялық әкесі болып табылады, - дейді қуыным беруші тарап өкілі.

 

Нариман Хамитов ортақ таныстары оның Анвар Куанышевпен қатты ұқсастығы бар екенін айтқан соң ДНК тест жасауды шешкен. Анализ олардың туыс екенін көрсеткен. Нәтижесінде екі отбасы жапа шекті.

 

- Біз аталған қуыныммен келіспейміз. Себебі Железин ауданы ауруханасы 1985 жылы Қуанышев туған аурухананың құқық қабылдаушысы болып саналмайды. Және тағылған айыппен келіспейді, әрі жауапкер болып табылмайды, - деді медициналық мекеменің заңды өкілі.

 

Cотта аурухананың өкілі 35 жылда аталған емхананы заңды тұлға ретінде таратып жібергендерін түсіндірді. Және ол бірнеше рет жасалған. Кейін жаңасы ашылған. Енді кімнен моральдық шығын талап ететінін білмейді. Ал биологиялық туыстар қазір бір-бірімен танысып ара қатынастарын жақсартуға тырысуда.