БАТАРЕЯЛАР ҚАШАН СУИДЫ?
Оның алдындағы қаулы бойынша жүйенің тексерісі сәуірдің 11-іне жоспарланған еді. Бұл туралы адамдардың ойы қандай?
-Әрине ыстық суды ұзаққа өшіргені жаман. Алайда күн ыстық болып кетуі де мүмкін. Ауа райын болжай алмаймыз ғой,- дейді қала тұрғындары.
-
Қаланың солтүстік бөлігіндегі гидравликалық сынақтар кестеге сәйкес сәуірдің 18-інен басталады. Ал 25-інші сәуірден бастап, Павлодардың оңтүстік бөлігі, яғни, №1 жылу энерго орталығына тиесілі жүйенің тексерісі жоспарланған,- дейді энергетикалық компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Екатерина Байжуманова.
Алпауыт мамандары сынақтарды өткізу кезінде тұрғындардан жылу магистральдері маңында сақтық танытуды сұрайды. Желіде ақау анықталған жағдайда жөндеу жұмыстары орындалады.
Авторы:Айтмұхамбет Айғожа