• Басты бет
  • Қоғам
  • Баянауыл ауданындағы қарды бейнеге түсіргені үшін әйелді кешірім сұратқан әкім өзі жазаға тартылды

Баянауыл ауданындағы қарды бейнеге түсіргені үшін әйелді кешірім сұратқан әкім өзі жазаға тартылды

Даудың басы бейнежазбадан басталды. Оны Баянауыл ауданының тұрғыны қазан айының басында жауған қарға таң қалып түсіріп, туыстарына жіберген екен. Алайда, видео әлеуметтік желіге тарап кетті. Аудан әкімі мәселені анықтау мақсатында қол астындағыларын жұмсаған. Ауылдық округ басшысына әйел адам ешқандай шағымдарының жоқ екенін айтқан. Дәлел ретінде Самат Ибраев бейнежазба авторын телефон камерасына түсіріп, әкімдердің ватсаптағы чатына жібереді. Бірақ, әлеуметтік желіге таратпағанын айтып отыр. 

- Ол бейнежазбаны әлеуметті желіге аудан әкмінің өзі жібергенін білдім. Бұл ақпарат жайлы барлық скриншоттарды көрсеттім. Мен ол жерде ұрысып, ешкімді балағаттаған жоқпын. Келісімін алып видео түсіргенімді мойындаймын. Бірақ, өкілеттілігімді асыра қолдандым деп айта алмаймын, - деді Баянауыл ауданы Құндыкөл ауылдық округінің әкімі Самат Ибраев.

- Сіз айтып жатырсыз оның келісімімен видеоға түсірідім деп. Енді сіз оған айтқансыз ғой енді. Маған аудан әкімі видео түсіріп, есеп бер айтып жатыр. Сондықтан, амал жоқтан берді сізге рұқсатын. Сіздерге тапсырма беретін болса, тапсырма даладағы қар болатын болса сол қарды сіздер суретке түсіру керек едіңіз. Ол азаматты видеоға түсірмеу керек едіңіз сөздің шындығы, - дейді ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі павлодар облысы бойынша депаратаментінің басшысы Ержан Қарымсақов.

Аудан әкімінің тапсырмасын орындаймын деген ауылдық округ басшысы тым артық кеткені байқалады. Әйел адамның кешірім сұрағаны жазылған бейнежазбасы Қазақстанның түпкір-түпкірінде талқылады. Осылайша Самат Ибраевтің әрекеті үлкен резонанс тудырған. Сондықтан, әдеп бойынша кеңес мүшелері Құндыкөл ауылдық округінің әкімін жазасыз қалдырған дұрыс болмайды деп санап, барлығы бір ауыздан сөгіс жариялау үшін дауыс берді.

 Авторы: Аида Адрахова