• Басты бет
  • Қоғам
  • Баянауыл ұлттық паркі аумағында мал бағу дерегі үшін иесіне қомақты айыппұл салынды

Баянауыл ұлттық паркі аумағында мал бағу дерегі үшін иесіне қомақты айыппұл салынды

Облыстық орман шаруашылығы инспекциясы өткізген арнайы брифинг барысында жасыл желек көлемдерін ұлғайту бойынша мәліметтерімен бөлісті.

 

2022 жылы аймағымызда 2 млрд ағаш отырғызу бойынша республикалық бюджеттен 573 млн теңге және жергілікті бюджеттен 312 млн теңге бөлу жоспарланған. Бұл ретте, көктемде облыстың орман қорғау және табиғат қорғау мекемелерімен жалпы ауданы 2686,3 га-ға 12241,3 мың дана кәдімгі қарағайдың 2 жылдық екпелері отырғызылды, жоспардың - 85% орындалды. Жасыл желек аумағын арттыруға өрт жайттары да еш кедергі емес. Тілсіз жау қауіпі биыл бәсеңдеген.

 

-Биыл көрсеткіш төмен, қазіргі таңда бізде 48 орман өрті тіркеліп отыр. 600 га құрап отыр, оның 100 га орманды аумақтар,- дейді «Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-нің басшысы Тулепбаев.

 

Орман қызметкерлері ерекше қорғалатын аумақтарда рейд жұмыстарын да жалғастыруда. Жақында Баянауыл ұлттық паркінде мал бағу жайттары анықталған екен.

 

-Бұл ерекше қорғалатын аумақ болғандықтан, айыппұл 10 есе көбейіп отырады. Биыл екі адам жауапкершілікке тартылды. Инспекторлар халықпен насихат жүргізуде, өкінішке орай әлі күнге дейін орын алған жағдайлар бар, деді аумақтық инспекция басшылығы.

 

Аталмыш дерек үшін 20 АЕК айыппұл қарастырылған, әрбір мал басы үшін қосымша 0,5 АЕК төлеуге міндетті.