Баянауылда қарақұрттарға қарсы күрес жалғасуда

Торайғыр көлі маңында мамандар өрмекшілерді жойып, жұмыртқаларын өртеген деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Баянауыл мемлекеттік ұлттық саябағында 2025 жылдың 24 шілде күні ғылым және мониторинг бөлімі, қорғау бөлімі мен Жасыбай бөлімшесінің мемлекеттік инспекторлары

кезекті қарақұрттарды жою шараларын жүргізген.

 

-Торайғыр көлінің тасты жерінде қарақұрттарға қарсы жұмыс жүргізілді. 78 дана қарақұрттың жұмыртқалары мен 31 дана қарақұрттың аналықтары қамтылды. Қарақұрттың жұмыртқалары арнайы құтыға жинап жағылса, аналық қарақұрт түрлері тұрған жерінде көзі жойылды,-деп жеткізді Баянауыл мемлекеттік ұлттық саябағы ресми парақшасында.

 

фото: Freepik.com