Баянауылда қарақұрттарды жою жұмыстары жүргізілуде

Ұлттық парк қызметкерлері демалушыларды қауіпсіздік шараларын сақтап, қарақұрт шағып алғандағы жедел әрекеттерді атап өтті дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Осы күні мамандар алдын алу шараларын жүргізуде. Баянауыл ұлттық паркі соңғы рет қарақұрттарды жою жұмыстары 24 шілде күні жүргізілгенін мәлім етті.

 

-Ғылым және мониторинг, табиғат кешендер мен объектілерді қорғау бөлімдері және Жасыбай бөлімшесінің мемлекеттік инспекторымен бірлесе отырып, Торайғыр ауылындағы 6-шы орамында қарақұртты жою және жұмыртқаларын арнайы құтыға жинау жұмыстары жүргізілді. Демалушыларды қауіпсіздік шараларын сақтауды талап етеміз. Табиғатта болған кезде қоқыстарыңызды жинауды сұраймыз, -делінген ұлттық парктің ресми парақшасында.

 

Сонымен қатар, мамандар улы өрмекші шағып алғандағы әрекеттерді атап өтті.

 

арақұрт шағып алған жағдайда, жедел медициналық көмекке жүгіңгенізді сұраймыз. 2-3 минут жараны күйдірген жөн ( сіріңке және т.б заттармен). Күйдіру арқылы жарақат алған жерде удың әсерін жоюға болады,-деп жеткізді ұлттық саябақ қызметкерлері.

 

Айту керек, қарақұрттардың таралуы 2023 жылы жаз маусымында, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Торайғыр ауылындағы 6 - шы орамында орын алған еді.

 

Фото: Freepik.com