• Басты бет
  • Қоғам
  • Баянауылдағы танымал аэродромды сенімгерлік басқаруға берді

Баянауылдағы танымал аэродромды сенімгерлік басқаруға берді

Әйтсе де ол бұл орында ұшақпен ұшу қауіпті екенін білген. Енді мүліктік кешенді оқу орталығы ретінде пайдаланбақ. Баянауылдағы аэродромның мүліктік кешені ол ғимарат пен ұшып-қону алаңы. Облыстық бюджет оны сатып алуға 240 миллион теңге жұмсаған. Бүгін аудан басшысы нысанды сенімгерлік басқаруға бергендерін айтты.

- Бұл біз үшін тиімді. Біз осы аумақты, кешенді күзететін адамдарға ақша төлемейміз. Екіншіден бізде олармен мұнда жаңа жұмыс орындары болуы керек деген келісім бар. Үшіншіден мүліктік кешен сақталады. Төртіншіден біз бірге мемлекеттік тіркеуден және ұшып-қону алаңының мүліктік кешен сертификациядан өтеміз, - дейді Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов.

Дегенмен де мұнда әлі ұшақтар ұшпайды. Нысанды Қарағанды авиациялық-оқу орталығына 10 жылға берген.

 Авторы: Бибінұр Хамитқызы