• Басты бет
  • Қоғам
  • Бағаналар тұр, бірақ жарық жоқ. Павлодарда мұндай аулалар неге көп?

Бағаналар тұр, бірақ жарық жоқ. Павлодарда мұндай аулалар неге көп?

Редакциямызға бірнеше жыл бұрын орнатылған бағаналарды қашан қосады деген сұрақ жиі қойылады. Аулаларда қараңғы. Арнайы пост жасап, оқырмандардың пікірін де білдік.  Көп жерде екі-үш жылдап жарық қосылмай тұр. Естеріңізге салсақ, қала аулаларын жаппай жарықтандыру жұмыстары 2018-ші жылы қолға алынды. Кейін бағаналарды орнатқан мердігер жұмыстарды соңына дейін аяқтамай, алақол деп танылды. Осыған байланысты бүгін көптеген мекенжайлар жарықсыз қалған. Қала әкімдігінде жағдайға түсініктеме берді.

- Павлодар қаласында жалпы 610 ауланы жарықтандырылды. Олардың 386-сы іске қосалса, 224-інде жарық жоқ. 136 мекенжай бойынша бағаналар, жарықшамдар және кабель орнатуды қажет етеді. Олар бойынша жұмыстар 2022-ші жылы жалғасады, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

Алақол деп танылған мердігердің салдарынан 86 аула жарықсыз қалды. Бүгінде тек 19-ында жұмыстарын аяқтады. Тағы 41 мекенжайды жыл соңына дейін қалпына келтіру қажет. Қалған 26 ауланың бағаналарына жарық келесі жылы беріледі.

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа