• Басты бет
  • Қоғам
  • Бақылау камераларымен жекпе-жек. Полицейлер соңғы уақыттағы оқиғаларға түсініктеме берді

Бақылау камераларымен жекпе-жек. Полицейлер соңғы уақыттағы оқиғаларға түсініктеме берді

Осипенко көшесіндегі тұрғын үй алдындағы азаматтар көп уақыт бойы әңгімелесіп тұрып, оларды бейнебақылау түсіріп жатқандығын байқайды. Кейін, не себепті екені белгісіз, жігіттердің біреуі камераны қағып түсіріп, сындырады. Бұл әрекетке, түсірілімнен ұялу себеп болды ма белгісіз. 29 жасар азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Ал Малайсары Батыр көшесіндегі тұрғын үй дәлізінде түсірілген бейнені желі қолданушылары дыбыстап, әзілге айналдырып үлгерген. Әйел еден жуғыш таяқпен камераны ерекше ашумен істен шығарғаны үшін әкімшілік жауапкерлішікке тартылды. Ал Екібастұз тұрғыны бейнебақылау жүйесін кіреберістегі кілемшемен қағып түсірген. Жалпы облыс тұрғындарындың, бұл әрекеттеріне қарамастан бақылау жүйесі өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеп келеді. Мысалы, камера болмаса жұдырықтасатын мына адамды да таба алмай, подъезд ішіндегі пошта жәшігіне соққыларын жаудырған мына «файтерлерді» анықтау қиын еді. Бейне демалыс күндері түсіріліп, тұрғын үйде жөндеу жасаған пәтер иелері, бұзақылардың сазайын тартқызу үшін оны жариялаған.   

- Жедел басқару орталығы камераларының көмегімен 117 қылмыстық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар сауда орталықтары мен тұрғын үй кіреберісі алдындағы бейнебақылау арқасында 268 қылмыстық бұзушылық тіркелді. Камералар үлкен көмегін тигізуде, - дейді Павлодар қаласы жергілікті полилция қызметі бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Нұртаев.

Әкімшілік кодекс бойынша ұсақ бұзақылық үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл  немесе 10 күнге қамауға алу қарастырылған. Бір жыл ішінде ұқсас әрекет қайталанған жағдайда, ешқандай баламасыз, 15 күнге қамауға алу шарасы қолданылады.