Бейбітшілік елшісі

1998 жылы Франция Бразилия футболдан әлем чемпионатының финалдық матчынан кейін Нури Фунас деген жас жігітке әлемді жаяу аралап шығу ойы келген. Ол жиырма жылда 143 елде болған. Бұл - әлемдік рекорд. Бейбітшілік елшісін тек пандемия тоқтатты.

 

- Мен Қазақстанда бақытты шақтарымды өткіздім. Бұл карантин кезі болатын. Бұл менің осындағы өмірімді одан да қызықты ете түсті. Жазда барлығы жақсы болған еді, қазір қиындықтар туындады. Қазақстанның осы өңірі ерекше суық. Тамақ пен басқа жағынан еш мәселе жоқ. Алайда қонатын орын табу қиындау. Себебі мен шатырда ұйықтаймын ғой, - деді саяхатшы.

 

Саяхатшыны павлодарда өте суық ауа райы таңқалдырды. Алайда оны бірнеше күнге қондырған мейірімді отбасы табылыпты. Нури қайырымды адамдар өмірімде ерекше орын алады дейді.  Қайырымды павлодарлықтар саяхатшыға ұлттық тағамдардан дәм татқызып, қаланы таныстырған. Ал Нури қайта жолға шықты. Ол суықтан қорықпайды, себебі өткен жылы ол Эверестті бағындырған.