• Басты бет
  • Қоғам
  • Белорустық сапа: Павлодарда бірегей аяқ-киім жәрмеңкесі өтуде

Белорустық сапа: Павлодарда бірегей аяқ-киім жәрмеңкесі өтуде

Белоруссия сапасындағы стильді және қымбат емес аяқ киім. Павлодарлықтарды гардеробты жаңарту үшінарнайы жәрмеңкеге шақырады. Ассортиментте кез келген талғамға арналған көктемгі және жазғы үлгілер бар.

 

Людмила Фисенко Беларусь жәрмеңкесі жайлы бұрыннан біледі. Бүгін тауардың сапасы мен тиімді бағасына көз жеткізген әйел павлодарлықтарға, бұл жерге, келіп аяқ киім алуға кеңес береді.

- Көпке дейін бара алмай жүрдім. Бүгін барам деп шештім, маған өте жақсы қызмет көрсетілді, мен бірнеше аяқ киімді киіп көрдім. Таңдау жасадым, тіпті, шешкім де келмейді. Өте қатты ұнады, жұмсақ әрі ыңғайлы,-дейді қала тұрғыны.

- Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесіне тұрғындар сапа мен қолжетімді бағалар үшін келеді, әдетте, барлық аурулар аяқтан шығады, сондықтан сіз жоғары сапалы аяқ киім сатып алуыңыз керек. Біздің барлық аяқ киімдер табиғи бұзау терісінен жасалған және ортопедиялық базаға ие, бізде дертке шалдыққан, қиындықтары бар адамдарға арналған аяқ киімдер де бар, бойы биік, үсті кең, сүйегі шығыңқы адамдар үшін, біздің бағалар барлығына қолжетімді. Әйелдер 8 000 мыңнан, ерлер - 14 500 және одан жоғары,-деп мәлім етті ұйым менеджері Карина Литвинова.

Павлодарда Беларусь жәрмеңкесі жиі өткізіліп тұрады. Аяқ киімдер де тез сатылып кетеді. Тұрақты тұтынушылар әр аяққа арналған аяқ киім бар екенін біледі. Әйелдер өлшемдері 36-дан 42-ге дейін, ерлер 40-тан 49-ға дейін. Бүгінгі таңда маусымдық модельдер, сондай-ақ жазғы аяқ киімнің үлкен ұсынысы бар. Стиль мен түс таңдау талғампаздарды да қуантады.

-Біз Жеңіс алаңы, 25, мекенжайы бойынша, Алтын бизнес орталығы, бұрынғы «Аврора» кинотеатры ғимаратында орналасқанбыз. Таңғы 10:00 кешкі 19:00 дейін жұмыс жасаймыз,-деп хабарлады ұйым менеджері Карина Литвинова.

 

Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі 16-19 маусым аралығында Павлодарда өтеді. Тауарлардың саны шектеулі. Сондықтан қымбат емес және сапалы аяқ киім алғыларыңыз келсе, асығыңыздар.