• Басты бет
  • Қоғам
  • Бес баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке баспанаға ие болды

Бес баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке баспанаға ие болды

 

 

Естеріңізге сала кетейін, үйі өртке оранған Бекболат Баязитов бес баласымен далада қалған еді. Сол кезде қайырымды павлодарлықтар оған пәтер жалдауға ақша жинап берген еді.

 

Көп балалы әке қуанышын жасыру алмауда. Ленин кентіндегі мына үш бөлмелі кең сарайдай үйді қайырымдылық қоры 9 миллион теңгеге алып берген. Енді отағасы балаларымен пәтер жағалап жүрмейді. Баспананы кіші ұлының атына аударып берген.

 

- Осындай үй алып берді. Кіші баламыздың атына. Үш комнаталы. Гаражы бар, екі сарайы бар. Моншасы бар, санузел үйде түгелі. Су үйде. «Асарумеге» көптен көп рахмет. Сіздердің арқаларыңыз. Ең бірінші бастаған сіздер. Сіздер арқылы сол халық естіп, «Асаруме» осылай бізге жағдай жасап жатыр,-деді көп балалы әке.

 

Бекболаттың жоспары көп. Мал ұстап, көктемде бау-бақша егіп, жазда кірпіш шығарып табыс табуды ойластыруда. Осы Ленин кентінен жұмыс тауып, балаларын жергілікте мектепке орналастырмақшы. Айтуынша енді балаларын ештемеден тарықтырмай, оқытып, тәрбеиелеуге бар күшімді саламын дейді.