Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Бетпердені шекарадан заңсыз өткізбекші болған

Қоғам

16
«Қосақ» өткізу пунктінде Қарағанды қаласынан Новосібірге бағыт алған жеке тұлғадан экспорттық бақылау жүргізу кезінде медициналық бетперделер анықталған. Жүргізушіге қатысты акт толтырылғанымен, әкімшілік жазаға тартылмайды. Мемлекеттік кіріс департаментінде бұл алғашқы жағдай емес дейді.

- 1350 дана медициналық бетпердені еліміздің аумағынан шығарудың алдын алды. Аталмыш факті бойынша әкімшілік жаза қарастырылмаған. Тек медициналық бетперделерді, дәрі-дәрмектерді т.б. заттарды шығаруға тыйым салынған, -дейді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Галина Бирюкова.

 

Аталмыш жағдай бойынша мемлекеттік шекарадан өткізбеу туралы акт толтырылды. Сондай-ақ мемлекеттік кіріс департаментінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бойынша пилоттық жоба мерзімі ұзартылғанын еске салады. Бастама бөлшек сауда өкілдерін артық қағазбастылықтан босатуға бағытталған.

 

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()