Бетпердені шекарадан заңсыз өткізбекші болған

- 1350 дана медициналық бетпердені еліміздің аумағынан шығарудың алдын алды. Аталмыш факті бойынша әкімшілік жаза қарастырылмаған. Тек медициналық бетперделерді, дәрі-дәрмектерді т.б. заттарды шығаруға тыйым салынған, -дейді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Галина Бирюкова.

 

Аталмыш жағдай бойынша мемлекеттік шекарадан өткізбеу туралы акт толтырылды. Сондай-ақ мемлекеттік кіріс департаментінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бойынша пилоттық жоба мерзімі ұзартылғанын еске салады. Бастама бөлшек сауда өкілдерін артық қағазбастылықтан босатуға бағытталған.