Биыл Павлодарда 100 жаңа автобус аялдамасы орнатылады

 

 

Өткен жылдың соңында қалада 34 аялдама жаңартылған болатын. Бұл жұмыстарға 100 миллион теңге бөлінді. Павильондардың басым бөлігі Академик Шөкин көшесінде орнатылды. Қала әкімдігі биыл тағы 100 аялдаманы ауыстыруды көздейді.

 

-Аялдамаларды жасау кезінде сындыруға төзімді материалдар қолданылады. Қазіргі уақытта мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Аялдама павильондарын ауыстыру олардың тозуына байланысты, сондай-ақ қала көшелеріне эстетикалық әдемі көрініс беру үшін жүргізіледі,-дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

 

Әрбір павильонның ұзындығы 4,5 ал ені 2,5 метрді құрайды. Ішінде қоқыс жәшіктері, орындықтар және жанындағы шынысында жарық лайтбокстары орнатылады. Қазір конкурстық шара жалғасуда. Бұдан бөлек, биыл Павлодарда 8 жаңа жылы аялдаманы орналастыру жоспарлануда.