• Басты бет
  • Қоғам
  • Биыл Павлодардағы аялдама повильондарын жөндеуге 15 миллион теңге бөлінген

Биыл Павлодардағы аялдама повильондарын жөндеуге 15 миллион теңге бөлінген

Аязды, желді күндері автобусты күту адамдар үшін нағыз сынаққа айналғандай. Павильондардың бір шеті жабық болса, басқа жағы ашық тұр. Тұрғындар мәселеге назар аударуды сұрайды.

Коммуналшылар бұл мәселе бойынша шағымдар артқанын растады. Осы ретте, бөлім мамандары биыл аялдамаларға қосымша қабырға орнату үшін қаражат қарастырды. Сомма - 15 миллион теңге.

- Шыны аялдама павильондарын ретке келтіру жұмыстары наурыз айының басында қолға алынады. Барысында қираған шатырлары мен шыны қабырғалары жөнделеді. Сондай-ақ, жуу және сырлауды бастаймыз. Қаражат бөлінген жағдайда жаңа жылу және қарапайым павильондарды орнатуды жоспарлаудамыз, - деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы Анар Сүлеева.

Айта кетсек, Павлодарда жалпы 456 аялдама бар. Олардың екеуі жылы кешендер, 309-ы металлдан, 115-і шыны және 21 монолитті поликорбонат материалынан тұрғызылған. Соңғысы вандалдарға қарсы беріктігімен ерекшеленеді.