• Басты бет
  • Қоғам
  • Биыл Рамазан айы наурыздың 23-і басталып, 29 күнге жалғасады

Биыл Рамазан айы наурыздың 23-і басталып, 29 күнге жалғасады

 

 

Пітір садақа 2 келі ұнның орташа бағасымен бекітілді, яғни биыл ол 535 теңгені құрап отыр. Ал мешіттерде тарауық намазы наурыздың 22-сі оқылып, таңертең ауыз бекітіледі, ал 23-і күні алғашқы ауызашар. Жыл сайын қала мешіттерінде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.

 

- Ауызашар беретін мешіттер, қайырымдылық болған ауыз ашарларды ұйымдастырамыз. Бұл мешіттер бізде қала ішінде 4 мешіт болып саналды. Ең алдымен Мәшһүр Жүсіп мешітінде ауызашар беріледі, қайырымдылық ретінде, екіншісі Абу Бакір Сыддық мешітінде, ал төртіншісі Қасым Қажы мешіті,-дейді Павлодар қаласы Мәшһүр Жүсіп мешітінің бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

 

Ораза ұстауға денсаулығы жарамайтын созылмалы ауруға шалдыққандар, егде жастағы жандар оразаның өтеуі ретінде арнайы підия садақасын береді. Биыл оның құны - 1500 теңге болып бекітіледі. Жалпы облыс бойынша 104 мешіт Рамазан айын қарсы алуға дайын. Олардың 3-де хатым құраны оқылады. Облыстың бас имамы ораза айы басталмас бұрын кәсіпкерлерге үндеу жасады. Ол осы айда азық-түлік бағасын көтермей, қайта 10-15% төмендетіп, қайырымдылықпен айналысуды сұраған.