• Басты бет
  • Қоғам
  • Биыл түлектер кешін тойлауда бірқатар қатаң шектеулер енгізілді

Биыл түлектер кешін тойлауда бірқатар қатаң шектеулер енгізілді

Елімізде эпидемиологиялық жағдай жақсарғанымен биыл түлектер кеші дүркіретіп тойланбайды. Салтанатты шараны бірқатар шектеулермен тек мектеп қабырғасында немесе аумағында өткізуге болады. Шара 16-17 маусымға жоспарланған.

 

-Түлектер кешіне аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды шақыруға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға, қала ішінде автокөлікті жалға алып экскурсия жүргізуге, әкімшілікке және педагогтерге сыйлыққа ақша жинауға тыйым салынады,- дейді Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ляззат Жакиянова.

Аталған бұзушылықтар анықталған жағдайда мекеме басшысына 20-дан 120 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған. Бұдан бөлек брифинг барысында педагог мәртебесі де сөз болды. Оқу жылында оның аясында 2 факт бойынша тексеріс жүргізілген.

 

-Екібастұз қаласындағы мектептердің бірінің директорына мұғалімдерді жөндеу жұмыстарына тартқаны үшін әкімшілік жаза берілді. Яғни жөндеу жұмыстары кезінде олар парталарды тасыды деген шағым түскен,- Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ляззат Жакиянова.

 

Екінші тексеріс АӘД пәнінің мұғалімі оқушыны ұрды деген шағым бойынша жүргізілген. Қос жағдайда да жауаптылар сөгіс алды.

 

Авторы:Арнагүл Исабекова