Блокпосттан мыңнан астам адам өте алмаған

-Pvlinfo.kz сайтына қазіргі уақытқа дейін 9 мыңға жуық өтінім түскен. Олардың тек 60 пайызына қалаға кіруге рұқсат берілген. Көбісі заңды тұлғалар. Ал жайдан жай өтінім қалдырғандарға айтарым, ол бәрібір қабылданбайды. Шектеу қойылған қалаларға маңызды себеп болған жағдайда ғана өтінім мақұлданады,- деді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов.  

 

Қазірдің өзінде қалаға басқа жолдармен кіріп жүрген тұрғындар бар болып шықты. Бұл ретте әкімдіктегілер адамдардан жауапкершілікті талап етуден басқа қолдан келер амал жоқ дейді. Бүгін Екібастұз қаласының әкімі де шаһардағы эпиджағдай мен карантин шараларын сақтау жөнінде баяндады.

 

-Бүгінде инфекциялық ауруханада 29 адам жатыр. Ал амбулаториялық тәртіпте, яғни үйде 20 адам емделуде. Қарашаның 2-нен 10-на дейін 21 адам қосылды.  Жалпы өсім көп болғандықтан осындай шара қолданып отырмыз,- деп баяндады Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев.

 

Жақында ғана енгізілген карантиндік шаралар мен блокпосттар орнатудың нәтижесі келесі аптада белгілі болмақ. Қазір әкімдікте демалыстан соң кезекші сыныптардағы оқушылардың мектепке оралу мәселесі де қарастырылып жатқанын айтты. Барлығы эпиджағдайға байланысты.