Блокпосттар жұмысқа кірісті

-Түнгі сағат он екіден бастап қалаға кірген және шыққан бес жүзге жуық көлік болды. Қарашаның 9-нан 11-не дейін анықтамасы жоқ адамдарға әзірге түсіністікпен қараймыз. Олар қалаға не үшін кіретінін және шығатынын осы анықтама арқылы білдіре алады. Ал сәрсенбіден бастап  pvlinfo.kz сайты жұмыс істейді. Тұрғындарға сонда кіріп тіркелу қажет болады. Бүкіл ақпарат бірден жедел мән беру орталығына түседі, - деп хабарлады Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева.

 

Ал Ленин кенті мен Кенжекөл ауылдары маңында аркалы қызу өлшегіш жабдықтарын орнатады. Себебі осы бекеттерден адам көп өтеді. Бұл кезекшілердің жұмысын жеңілдетпек. Ал қызуы анықталған немесе суық тию белгілері бар адамдарды бірден тоқтатып, провизорлық госпитальдарға жөнелтеді.

 

-Шаруа қожалықтары, кәсіпорындар мен ұйымдар құжаты болған жағдайда еш кедергісіз өте алады. Тек көліктегі жолаушыны арқа қайтарамыз -деді Павлодар облысы ПД басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

 

Бүгін санитарлық дәрігерлер өткен аптада 387 адам КВИ жұқтырғанын айтты. Індеттің өсу деңгейі тоғыз пайызды құрап отыр.