• Басты бет
  • Қоғам
  • Босанғаннан кейінгі депрессия: Павлодарлық әйел 9-қабаттағы терезеден секірмек болды

Босанғаннан кейінгі депрессия: Павлодарлық әйел 9-қабаттағы терезеден секірмек болды

Қуанышқа орай, полиция қызметкерлері уақытында әрекет етіп, азаматшаны құтқарып қалды дейді irbistv.kz тілшісі.

 

11 шілде күні сағат 13:30 шамасында полиция әйел жүгіріп келіп, Естай көшесіндегі 101/2 үйдің терезесінен 9 қабатта бір кісі секіргісі келетінін хабарлады. Учаскелік инспекторлар Әсет Құрманғалиев пен Ільяс Қамерден ойланбастан аталған үйге қарай жүгірді.


- Біз әйелді қорқытып алмау үшін баспалдақпен 9-қабатқа көтерілдік. Сөйлесе бастадық, оның аты кім екенін, не болғанын сұрадық. Ол сұрақтарға жауап беріп жатқанда, жақынырақ барып, бізге қарай бұрылуын сұрадық. Еңкейіп, қарағанда, қолын беруін өтіндік, ол қолын созды. Кейін оны кіреберіске апардық. Әйел өзін жаман анамын деп айта бастады. Оны тыныштандырып, сабырға шақырдық. Жақсы көретін және әрқашан қолдайтын туыстары үйде күтіп отыр дедік. Әңгіме барысында оның бір баласы бар екендігі анықталды, - деді полиция капитаны Әсет Құрманғалиев.

 

Азаматша дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Белгілі болғандай, мұндай әрекетке босанғаннан кейінгі күйзеліс негіз болған.


Фото: Облыстық ПД