• Басты бет
  • Қоғам
  • Былтыр медициналық сақтандыру қоры емханалардан 250 миллион теңге айыппұл өндірген

Былтыр медициналық сақтандыру қоры емханалардан 250 миллион теңге айыппұл өндірген

МӘМС 2017 жылы енгізілгеннен қазіргі кезге дейін өңіріміздің тұрғындары қорға 25 миллиард теңгеге жуық қаражат аударған екен. Бұл ретте, емханалардың көмегіне деген сұраныс карантин кезінде арта түскен. Сәйкесінше, медицина ордаларының есеп беруі арқасында, дертке шалдыққандар да үстемақыға қол жеткізу тетігі ойластырылған.

 

- Ұйымдар бізге әрбір науқас үшін есепшот береді. Осындай науқас емделді, осыншама ақша кетті деген. Тарифтері бар, мәселен, ауыр форма үшін 923 мың төлейміз, орташа түрі болса, 580 мың тг. Сол бойынша есеп береді. Біз ай сайын төлеп отырамыз әрбір ұйымға, - деді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ПОФ директоры Нұрлан Қасымов.

 

Сонымен қатар, тұрғындардан медициналық қызмет бойынша шағымдар да қабылданып, облысымыздағы емханалардан өткен жылы 258 миллион теңгеден настам айыппұл өндірілді. Пандемия салдарынан амбулаториялық-емханалық ұйымдар деңгейінде көрсетілетін қызметтер қолжетімділігін арттыру, мектеп медицинасын дамыту, стационарды алмастыратын көмек және медициналық оңалтуды қаржыландыруды ұлғайтуға қатысты жоспарлар жүзеге асырылмауына қатысты мәселелерді қор мамандары жақын арада қолға алмақ.