Бюджет қаражатын жұмсаған балалар үйінің экс-директоры сотталды
Бюджет қаражатын жұмсап қойған әйел үкімді оқу кезінде көз жасына ерік берді. Онымен бірге кәсіпкерді де сол мерзімге абақтыға қамады. Іс материалдары бойынша қаладағы отбасылық үлгідегі балар үйінің аумағына кеспе тас пен асфальт төсеуі қажет болған. Алайда құжат пен жүргізілген жұмыс мүлдем сәйкес келмеген. Мемлекетке келтірілген шығын алты миллион теңгені құрады. Басшы мен жеке кәсіпкерді үш жылға қамау үкімін шығарды.
Сотта оның кінәсі куәгерлердің, сарапшылардың жауабымен және құжаттармен дәлелденгенін айтты. Отбасылық типтегі балалар үйінің бұрынғы басшысы және кәсіпкер соңына дейін кінәсін мойындамады. Мемлекетке келген шығынды қалпына келтірмеді.
Авторы:Бибінұр Хамитқызы